Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Алла қосқан қосағым… Шексіз жақсы көремін!»: Алтынай Жорабаева қуанышты жаңалығын айтты

10:30, 29 қазан 2026

Танымал әнші Алтынай Жорабаева 48 жасқа толған туған күнін атап өтіп, желіде отбасына деген ақжарма тілегін арнады, деп хабарлайды Alash.kz.

Жеке мерекесіне орай өнер иесі жақындары сыйлаған сәнді сыйлықтар мен бір құшақ гүлдерін көрсетіп, отбасымен түскен жылы фотосуретін әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеді. Сондай-ақ ол әрқашан жанынан табылатын жұбайы мен балаларына деген шынайы ризашылығын білдірді. Танымал әнші жеке парақшасында төмендегідей төл сөзін жазды:

«Қош келдің, 48 жасым. Аллаға сансыз мақтаулар мен мадақтар. Маған тілеген тілектеріңіз өздеріңізге еселеп қайтсын. Алла қосқан қосағыма, қыздарыма мың алғыс. Сендерді шексіз жақсы көремін».

Өнер иесінің оқырмандары мен тыңдармандары желіде ақ тілектерін жаудырып, оның отбасына амандық пен өнеріне шабыт тілеуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар