Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алла куә. Әруақты сыйласаң кел. Неден қайтқаны жақында айтылады: Индира Елемес Дүйсеновтың ұлы туралы тың ақпаратпен бөлісті

15:37, 22 қазан 2024 4093

Әнші Индира Елемес Арман Дүйсенов туралы айтқан пікіріне қатысты үлкен дауға қалды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

 
Индира Елемес Elitar.kz ақпараттық порталына сұхбат берген.
Әнші оқиғаға қатысты пікір білдірді.

“Алла куә, ол жерге барғым келген жоқ. Бағдарлама тілшісі мені көндіру үшін үш сағаттай күтті. “Әруағын сыйласаңыз келіңіз” деген әңгіме айтты. Сонымен бардым. Барсам, шынымен де, өзім ғана болдым. Енді «ұят» деген нәрсе бар ғой. Ұялғаннан кейін бардым. Барғанда да, ақиқатын айттым. Ешқандай жаман нәрсе айтқан жоқпын. Отбасын жақсы көреді. Ол – өтірік емес. Бір Алла өзі реттеп қояды. Мен оған сенемін. Ештеңені де көңіліме алмаймын. Арым таза екенін білемін!», – деп ағынан жарылды әнші.

“Енді басыма тиіп жатыр. Ешкімге қатты жаным ашып, тіпті бір жақсылық жасап тастауға болмайды екен. Осы уақытқа дейін ешкімге жамандық жасаған емеспін. Адамдар қалай жаман сөздер жазады. Үш-төрт күн үйден шыға алмай, жатып қалдым. Марқұмның неден көз жұмғаны жақын арада айтылады”, – деді Индира Елемес. 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар