Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Алла жазасын берсін!». Депутат Дәулет Мұқаев елдегі экономиканың емес, алаяқтық пен санасыздықтың "өсіп жатқынына" налыды

10:00, 11 қыркүйек 2024 680

Депутат Дәулен Мұқаев тосын үндеу жасады. Ол елдегі экономиканың емес, санасыздықтың, алаяқтықтың артып жатқанына налыды. Өйткені алаяқтар оның жеке құжатының көшірмесін жасап, ел-жұртқа жолдап, ақшаға ұтыс ойнату жөніндегі хат жіберген, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Halyq Uni порталына сілтеп.

Нақты айтқанда, депутаттың атынан тарап жатқан:

  • «Жеке куәлігім – сенімділік үшін, осы нөмірмен ұтыс таратамын өзім, басқа ешкімге сенбеңіз. 100% гарантия – Даулет Мукаев»;
  • «Қалайсыз, атым Даулет, мені танитын шығарсыз? Не дегенмен менің байқауыма қатысқан екенсіз, сол үшін сізге қуанышты жаналығым бар! Мен жасаған байқауға номер қалдырыпсыз. Алланың қалауымен 950 мың теңге ұтып алдыңыз, барлығы рас, өзім жауап беремін (Даулет Мукаев – 100%)»;
  • «Мен өзіммін және қаласаңыз, жеке куәлік жіберемін, сенімділік ретінде. Ұтысты 7 500 теңге төлеп ала аласыз. Банк шарты, 950 мың теңгенің лимитін жою үшін төлейсіз, бұл міндетті түрде! Мен төлемеймін, ұтысты алмаймын десеңіз, бірден «Отказ» сөзін жазыңыз, 7 500 дайын болса, «КОМИССИЯ СЧЕТЫ» сөзін жазыңыз. Ұтыс дайын, сіз төлемді жасағаннан кейін бірден өзіңізге саламын – 100%»;
  • «Түк уайымдасаңыз болады, депутатпын және Аллахтын атымен ант етемін!» сынды хабарламалар көбейген.

Депутаттың өзі Instagram-дағы парақшасында ешкімнің жеке куәлік үшін суретке мандаттық төсбелгісімен, қырын қарап түспейтінін ескертті.

Жеке куәлікке біз бұлай фотоға түспейміз! Алданбаңыздар! Мен ештеңе ойнатып жатқаным жоқ. Барлығы – алаяқтар! – деп жазды ол.

Сондай-ақ Дәулет Мұқаев өз аты-жөнін жамылғандарға қатысты тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Алладан қорықпайтындарға Алла жазасын берсін! - деп түйіндеді ол сөзін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар