Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Әлия, Мәншүк есімді қыздарым бар»: Роза Рымбаева ел естімеген құпиясын бөлісті

12:09, 23 наурыз 2026

Танымал әнші Роза Рымбаева өзінің көпшілікке беймәлім болған жеке өміріндегі оқиғасын айтып берді, деп жазады Alash.kz.

Өнер иесі ұлдары Әли мен Мәдиге қоса, Әлия мен Мәншүк есімді қыздары бар екенін де жасырмады. Әншінің айтуынша, бұл шешім оның өміріндегі ең жауапты кезеңдердің бірінде қабылданған.

«Әлия 6 жасынан бастап Байсейітов мектебінде оқыған. Тасқын өзі ауылдан алып келіп, “сен музыкант боласың” деп оқытқан. Сол кезде анасы мен әкесі бірінен кейін бірі өмірден өтті. Содан мен бірден шешім қабылдадым. Бұл екі қыз менімен тұрады дедім. Менің екі ұлым не жесе, не кисе, бәріміз бір отбасы боламыз деп, екі қызды қолыма алдым», – деді әнші.

Turkystan.kz жазуынша, сондай-ақ Роза Рымбаева бұл таңдаудың артында үлкен жауапкершілік жатқанын атап өтті. Оның сөзінше, кейін Тасқын да өмірден өтіп, барлық міндет өз мойнына жүктелген.

«Сол кісілердің аманаты деп қабылдадым. Енді осы отбасыға мен жауаптымын дедім. Жеңіс ағаның алты қызы да менің қыздарым. Әлі күнге дейін олардан маған деген ризашылық, құрмет, махаббат көремін. Себебі олар мені анасының орнына ана деп санайды», – деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар