Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Әлихан орыс қызын алуға саяси тұрғыдан мәжбүр болған, ол заманға сын айту – зор әдепсіздік” - алаштанушы

11:00, 10 мамыр 2025 34

Алаштың саяси көсемі Әлихан Бөкей­ханның ұрпағы шоқынып кетті деп жазып жатқандар бар. Алаш элитасының көсемі Әлихан орыс қызын алуға саяси тұрғыдан мәжбүр болған. Жары Елизавета Яков­­левна аурудан қайтыс болғанда, оны хрис­тиандық тәртіппен жерледі.

Әлихан Бө­­кей­­хан басқа діндегі әйелін зорлықпен мұ­сылман дінін қабылдауға шақырса, пат­­­шаның заңымен сотталып кететін за­ман болғанын қазіргілер біле бермейді. Сондықтан жарын өз дінінде қалдырып, хрис­тиан дініндегі тәртіппен Семейде жерлеген. Әлиханның ұрпағы тірі қалу үшін ана­сының дінін көрсетуге мәжбүр болға­нын қазіргі сыншылардың басына бер­месін. Осыны білмейтін бүгінгі дымбіл­местер ұрпағы шоқынған, христиан әйелге үй­ленген деп аруаққа тіл тигізіп жүр.

Шын мә­нінде, ол кісінің саяси амалмен үйлен­­генін біле жүруіміз керек. Қайсыбір қазақ қызын Әлихан Бөкейхан өзі көрген түрме­нің есігінде телміреуге, қудалауға, қамауда отыруға қияр еді? Қазіргі кез тұрғысынан ол заманға сын айту – зор әдепсіздік.

Айгүл ІСМАҚОВА, алаштанушы ғалым

“AIQYN” газетіне берген сұхбатынан үзінді

Alash.kz ұлттық порталы

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар