Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әли Оқаповтың жұбайы қуанышты жаңалығын бөлісті

14:30, 16 ақпан 2025 5558

«Assyl» тобының мүшесі, қобызшы Ақерке Бүркітбай күйеуі Әли Оқаповтан бейнебаянға түсу туралы ұсыныс түскенін айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Бала күтімімен демалыста болған өнер иесі түсірілімді сағынғанын жасырмады. Айтуынша, қазір бейнебаянның түсірілім жұмыстары басталған. 

"Біз қазір бейнебаян түсіріп жатырмыз. Оған мені бір жігіт шақырды", - дейді ол Instagram желісіндегі stories-те Әли Оқаповтың парақшасын белгілеп. 

Өнер иесі көлік сұрағанын жеткізді.

"Түсіп беріңізші, сізге гонорар төлеймін деді, соған мына көлікті сұрап отырмын гонорарға", - дейді Ақерке Бүркітбай. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар