Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Әлі күнге дейін сенбейміз”: Гүлзира Айдарбекова марқұм Құрманай Бақтиярқызына жантебірентерлік жазба арнады

12:45, 01 қараша 2024 451
 

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова 49 жасқа қараған шағында өмірден озған сазгер Құрманай Бақтиярқызына жантебірентерлік жазба арнады, деп хабарлайды Alash.KZ KYN.KZ материалына сілтеме жасап.

Ол марқұмның үйіне барып, құран оқып қайтқан.

“Осыншама адам мейрамханаға сыймай қалды. Қаншама көлік көше бойында тұр. Мұның бәрі Құрмашымның елге керек жан екенін көрсетіп тұр. Халықтың дұғасы Құрмашты жұмаққа алып баратыны сөзсіз. Алла көріп, естуші еді. Ата-анасы мен ұрпағының алдында кеткені өкінішті. Одан ауыр ештеңе болмас. Ешкімнің басына бермесін”, – деп жазды ол. 

Продюсер Құрманай Бақтиярқызының өзін «Гүлім» деп атайтынын айтып, өткен күнін еске алды.

“Мені “Гүлім” деп атайтын. Нұрекеңді “папа” деп кетті. Біздің біраз әндеріміздің авторы еді. Сол кезде де әнге сөз жазғанда “Гүлім” деген сөзді көп қосыпты. Менің ең қиын сәттерімде жанымда болды. Ерекше қасиеті ешкімді жамандамайтын. Әлі күнге дейін сенбейміз”, – деп Гүлзира Айдарбекова көзіне жас алды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар