Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әлі есін жинамады: Әскери колледжде басына оқ атылған жігіттің анасы 2 жыл бойы әділдік іздеуде

12:43, 26 қараша 2024 557

Әскери колледжде басына оқ тиген жігіттің анасы 2 жыл бойы әлі әділдікке қол жеткізе алмай келеді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ұлан Мұсаевқа 105-баптың 1-бөлігі суицид жағдайына жеткізу бабы бойынша іс қозғалған. Бірақ оны суицид жағдайына кімнің жеткізгені айтылмайды.

Мұнараға екі метр жетпей орналасқан камера белгісіз себептермен дәл сол күні істен шыққан. Одан бөлек, оқиға болған жерде заттардың орны ауысқан дейді.

“Ұлым толық есін әлі жинаған жоқ, кей сәттерді білсе, кейбірін ұмытып қалған. Оның тілін мен ғана түсінемін. Баламның көзінше ештеңе айтпайтын едім. Басына массаж жасаған кезде “басыңда тыртық бар екен, көрініп тұр” десем, таңғалып, “басымда тыртық жоқ, жоқ болған” дейді. Жады кішкентай баланікі сияқты, кейде еркелейді. Дене мүшесінен оң жақ қолын ғана ақырын көтере алады, сол жағы әлсіз”, – дейді Гүлмира Мұқажанова.

“Істе куәгер пайда болды”

“Екі жылдан кейін ұлымның қасында болған жігіт оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Ол жігіттің ақпаратына сүйенсек, №3 взвод командирі мұны қорқытқан болуы керек. 29 тамыз күні взвод командирі еңбек демалысына шығу керек болған екен, бірақ физикалық нормативті тапсыра алмаған 4 бала үшін демалысқа шыға алмай қалған. Содан екі күн бойы төрт студентке кадет колледжінің аумағын жинатып, аямай жұмысқа салған. Куәгер балаға сотқа барғанда осы сезінгенін таңбайсың ғой деп едім, куә боламын деді. Біреу атпаса да, баламды осы жағдайға жеткізіп, қинап жіберген шығар,” – деді анасы.

Қорғаныс министрлігінің жауабы

Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаевтан Ұлан мәселесі туралы сұрадық. Министрлік өкілі он күн бұрын Гүлмира Мұқажанованы қабылдағандарын алға тартты.

 

“Анасын өткен аптада өзім қабылдадым. Барлық мұқтажын толық тыңдадық, тергеу амалдары әлі де жүріп жатыр. Ұлан өз-өзіне қол жұмсады ма, әлде басқа жағдайда жарақат алды ма, әлі белгісіз. Қылмыстық іс аяқталғаннан кейін қандай төлем берілетіні анықталады. Қорғаныс министрлігінің атынан Денсаулық сақтау министрлігіне хат жолдадық. Тиісті органдардан квота беруді сұрап, қараша айында әскери госпитальға жатқызатын болдық”, – деді Жазықбаев.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар