Құрметті оқырман, Алғыс айту күніне арналған үздік тілектерді назарларыңызға ұсынамыз.
Алғыс айту күнінде жанымызда жүрген, бізді барынша қолдап, сүйіп, бақыт сыйлаған жандарға «рахмет» деп айтайық. Сол жерде болып, өмірімізге, тағдырымызға үлес қосқан достарымызға, ағайын-туыс, таныстарымызға алғыс айтамыз!
Жасай беріңіздер!
***
Бүгінгі Алғыс айту күні мерекесі құтты болсын!
Бұл мереке – көктемнің шуақты алғашқы күнінде өтетін ерекше мейрам, жүректерді жылылыққа бөлеп, адамдарды бір-біріне жақындастыратын аса мәнді күн. Алғыс айту күні Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдеріне ортақ мереке болып саналады. Өйткені бұл күннің түпкі мәні – көпэтносты халқымыздың өткеніне құрметпен қарап, бүгініне ризашылық білдіру, бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан барша жұртымыздың бірлігін атап өту. Біз бұл күні ата-бабамыздан мұра болып келе жатқан ізгі дәстүр – алғыс айтып, ризашылық білдіру арқылы ұлттар достығын нығайтып, ортақ Отанымыз Қазақстанның жарқын болашағын бірге құруға деген бекем ниетімізді көрсетеміз.
Жазушы
***
Бұл күн – бір - бірімізге алғыс айтып, жүректегі жылы сезімімізді білдіретін ерекше мереке. Әрқайсыңызға шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Өмірлеріңіз тек жақсылыққа толы болып, айналаңызда мейірімділік пен сыйластық орнасын!
***
Алғыс айту күні баршаңызға алғыс айтқым келеді! Сіздердің қолдауларыңыз, мейірімдеріңіз бен жылы сөздеріңіз әрқашан жүрекке қуаныш сыйлайды. Әр күніңіз шуақты, өмір жолдарыңыз сәтті болсын! Жүректеріңіз әрдайым мейірім мен қуанышқа толы болсын. Жақсылықтарыңыз мың еселеніп қайтсын! Әрқашан қолдау көрсетіп, жанашырлық танытатын жандардың көп болуын тілеймін!
Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл күн мейірімділік пен ризашылықтың символы. Әрқашан бір - бірімізді қолдап, жақсы тілектерімізді аямайық! Сіздерге бар жақсылық пен мол қуаныш тілеймін!
Cізге АЛҒЫС! Жақсылығыңыз бен қолдауыңыз үшін мың алғыс! Сіздерге денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға береке тілеймін! Әр жасаған игі істеріңіз еселеніп қайтсын!
Сіздерді осы мейірімді мерекемен құттықтай отырып, барлық қолдауларыңыз бен жылы сөздеріңіз үшін алғыс айтамын! Жүректеріңіз махаббат пен бақытқа толы болсын!