Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Әлемнің үздік қақпашыларымен бәсекелескім келеді» - Темірлан Анарбеков армандары мен жоспары туралы айтты (ВИДЕО)

20:58, 10 желтоқсан 2025

Күні кеше UEFA Чемпиондар Лигасындағы «Қайрат» - «Олимпиакос» матчында «үздік ойыншы» атанған Темірлан Анарбеков болашақтағы жоспарлары мен арманы туралы айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

«Қайраттың қаһарман қақпашысы» атанып кеткен 22-жасар спортшы Чемпиондар лигасындағы ойындары мен алғашқы MVP туралы өз пікірін білдірді:

Бұл - команданың еңбегі. Жарқын жеңіс алып келгіміз келеді. Енді, бұйырмай жатыр. Бұған дейін Пафоспен тең ойнадық. Алдағы уақытта ұтамыз деген ойдамыз. Бірінші рет Қазақстанға Чемпиондар лигасында жеңіс әкелеміз деген үміттеміз! Қолдан келгенше тырысып жатырмыз!

Ел арасында «Темірланға Еуропалық клубтардан құда түсушілер көп» деген әңгімеге қатысты жауап берді:

Мен нақты ештеңе білмеймін. Болашақта директорлар шешеді. “Шетел” деп жатыр. Мен өзім нақты білмеймін. Сұрамадым да. Алла қаласа,  ойындарымды жақсы өткізіп, маусым біткесін жаңа тақырыппен жаңа жобамен Қазақстанды дамытуға үлесімді қосамыз деген ойдамыз! Қазақ ойыншысының Еуропада ойнауы - әрбір ананың, әрбір баланың арманы!

Англия Лигасында ойнағым келеді. Ұсыныс түссе, АПЛ клубтарына барар едім. 

Анарбеков әлемнің үздік қақпашыларымен бәсекеге қабілетті болғысы келетінін де жасырмады:

Кішкентай кезімнен арманым - әрбір футболмен айналысқан адам сияқты Еуропаға аттану, Қазақстанның туын көтеру. Алла қаласа, Әлемдегі үздік қақпашылармен бірге конкуренция жасау.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар