Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Әлемнің үздігі”. Сүйінші! Қайрат клубы туралы керемет жаңалық шықты

18:55, 16 желтоқсан 2025

Алматылық «Қайрат» футбол клубы халықаралық деңгейде жоғары бағаланды. Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясы (IFFHS) жариялаған әлемнің үздік 500 клубының жаңартылған рейтингінде «Қайрат» үздіктер қатарына енді, деп хабарлайды Alash.kz.

Аталған тізімге Қазақстаннан тек осы алматылық команда ғана кірді. «Қайрат» 90,75 ұпай жинап, рейтингте 240-орынға тұрақтады. Бұл — қазақстандық клуб футболы үшін маңызды көрсеткіштердің бірі.

IFFHS рейтингінің көшін француздың «Пари Сен-Жермен» клубы бастады. Екінші орынға мадридтік «Реал» жайғасса, үздік үштікті лондондық «Челси» түйіндеді.

Айта кетейік, IFFHS рейтингі клубтардың халықаралық және ұлттық жарыстардағы нәтижелері негізінде жасалады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар