Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Әлемнің 42 оқу орнынан шақырту алған шәкірт дайындаған ұстаз". Түркістан облысының әкімі ұстазға темір тұлпар сыйлады

14:36, 04 қазан 2024 189

Ұстаздар мерекесі қарсаңында Түркістан облысының әкімі тосын сый ретінде әлемнің 42 оқу орнынан шақырту алған шәкіртті дайындағаны үшін Арғын Ержанұлына темір тұлпар сыйлады, деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы.

Түркістан облысында педагог қызметкерлерінің «Ұстазыма мың алғыс!» атты салтанатты іс-шарасы өтті. Бұл жайлы turkistantvkz жазды.

Мерекелік жиынға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, білім саласында аянбай еңбек еткен барша ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтады.

Шара аясында Дархан Сатыбалды тосын сый ретінде әлемнің 42 оқу орнынан шақырту алған шәкіртті дайындағаны үшін Арғын Ержанұлына темір тұлпар сыйлады.

Айта кетерлігі, Түркістан облысында, жалпы, 85 112 педагог саналы ұрпаққа сапалы білім беріп келеді.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар