Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әлемдегі ең алып ұшақтың ұшқышы - қазақ

15:48, 19 наурыз 2024 466

Әлемдегі ең алып лайнердің бірін қазақ жігіті басқарады.

Біржан Талғатбекұлы бүгінде 600 адам сыйып кететін әуе кемесінің ұшқышы. Бір қызығы Талғат ұшқыш мамандығын небәрі екі жыл ғана оқыған. Оны Біріккен Араб Әмірліктерінің әуе команиясы Қазақстаннан шақырып алған.

Келісімшарт негізінде жұмыс істеп жатқан Талғат алып ұшақпен әлемнің түкпір-түкпіріне жолаушыларды тасып жүр. 600 орынды Airbus A380 лайнерімен АҚШ-қа жиі ұшады. 

Ұшқыш жігіт azattyq-ruhy сайтына берген сұхбатында көбіне АҚШ, Аустралия, Еуропаның ірі қалаларына ұшатынын, жалпы дүниежүзінің барлық континенттеріне рейстері барын, үлкен ұшақ болған соң ұзақ рейстер жасайтынын айтқан.

"Орташа алғанда 12-13 сағатты алады, ең ұзақ сапар Біріккен Араб Әмірліктерінен АҚШ-тың Калифорния штатына ұшу кезінде болады. Ондай сапарларда 16-17 сағаттай әуеде боламыз», - дейді Біржан Талғатбекұлы.

Ол алғашында Алматы қаласындағы Азаматтық авиация академиясына оқуға түскен. Алайда бірінші курсты бітірген соң оқуды тастап кеткен. Air Astana-ның Ab-Initio ұшқыштарды дайындау бағдарламасы бойынша емтихан тапсырады. Сынақтан сүрінбеген қазақ жігіті осылайша Америкадан бірақ шыққан.

«Солай АҚШ-тың Флорида штатынан шақырту алдым. Стэнфорд қаласындағы «Aerosim Flight Academy-ге оқуға түстім. Ол жерде бір жарым жыл оқыдым. Кейін Белгияның Шарлеруа қаласындағы «Belgian Flight School» ұшқыштарды даярлау мектебінде 3 айдай оқыдым. Осылайша бас-аяғы 2 жылда дайын ұшқыш болып шықтым», - деді ол.

Оқуын бітірген соң Біржан еліміздегі отандық әуе компаниясында ұшқыш болып 7 жыл істеген. Осыдан екі жыл бұрын әлемдік алпауыт компанияға тағы да құжаттарын жіберген. Қазақ жігіті шетелдік компаниялардың төлейтін жалақысы елдегі айлықпен салыстырғанда әлдеқайда көп екенін, әрі қызметкерлерге жан-жақты жағдай жасалғанын айтады. «Отандық әуе тасымалдау саласын әлі де дамыта түсу керек» деп санайды Біржан.

 Оның әкесі де авиация саласында ұзақ жыл жасапты. Талғатбек Кәмісханұлы Моңғолияның Бай-Өлке аймағынан тәуелсіздік алған жылдары тарихи отанына көшіп келген. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар