Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Килиан Мбаппе әлем чемпионаттары тарихындағы үздік сұрмерген атанды

15:44, 19 шілде 2026

Франция құрамасының капитаны әрі шабуылшысы Килиан Мбаппе Лионель Мессидің көрсеткішінен асып түсіп, футболдан әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік сұрмерген мәртебесіне ие болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Франциялық шабуылшы бұл тарихи нәтижені Англия құрамасына қарсы өткен үшінші орын үшін бәсекеде тіркеді. Тартысты өткен матчта ол қарсыластар қақпасына екі гол салды. Осы сәтті ойыннан кейін Мбаппенің әлем біріншіліктерінде соққан жалпы голдарының саны 22-ге жетіп, дүниежүзілік доданың жаңа рекорды ретінде тіркелді.

Бұған дейінгі ең үздік нәтиже Аргентина құрамасының капитаны Лионель Мессиге тиесілі болатын, оның еншісінде әлемдік додаларда соғылған 21 гол бар еді. Дегенмен аргентиналық сұрмергеннің өз көрсеткішін әлі де жақсартуға таптырмас мүмкіндігі бар, өйткені алда оның командасы Испания құрамасына қарсы 2026 жылғы әлем чемпионатының финалдық кездесуін өткізеді.

Айта кетерлігі, осы жылғы мундиалдың сұрмергендер жарысында да Килиан Мбаппе 10 голмен көш бастап тұр. Ал оның басты бәсекелесі Лионель Месси өз активіндегі сегіз голымен екінші орында келеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар