Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«…Куәсісіздер! Өмір маған ең үлкен сыйын берді»: Ерке Есмахан қуанышты жаңалығын айтты (ВИДЕО)

20:39, 19 шілде 2026

Белгілі әнші Ерке Есмахан өзінің шығармашылық жолы мен жеке өміріндегі қиын-қыстау кезеңдерді еске ала отырып, тыңдармандарына «Дауыс» атты жаңа музыкалық альбомын ресми түрде таныстырды, деп хабарлайды Alash.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі жеке парақшасында оқырмандарының өзімен бірге өмір жолының түрлі белестеріне куә болғанын тілге тиек етті. Желідегі белсенді аудиториясымен сырласқан әнші:

«Инстаграм пайда болып, сіздер менің әнші ғана емес, ауылдан шыққан қарапайым қыз екенімді, таза қазақша сөйлейтін, әдемі көйлектерді, эстетиканы, қалжыңды, күтім мен нәзіктікті, шүкіршілікті жақсы көретінімді, менің әлемімнің бөлек екенін білдіңіздер», -  деп ағынан жарылды.

Сонымен қатар, Ерке Есмахан бұған дейін басынан өткен отбасылық жағдайларын, атап айтқанда тұрмыс құрып, ана атанған сәттерін, ажырасқан кезеңін және одан кейін өмірінде орын алған елеулі өзгерістерді да жасырмай баяндап берді. Ол өткен күндерді еске алып:

«Сонау кезеңнен сіздер менің тұрмысқа шыққанымды, ана атанғанымды, ажырасқанымды, жалғызбасты ана болып ұлымды өз күшіммен өсірген кездерімнің де куәсісіздер. Мен ешқашан қиындықтарымды жариялап, мұңымды көрсетпедім. Бірақ сол кездегі сынақтардың бәрінен мені алып шыққан бойымдағы қайсарлық, мойымау, үмітімді үзбеу және Аллаға деген сенім болды. Кейін өмір маған ең үлкен сыйын берді. Жеке өмірімді де, өнер жолымды да Алла ең көркем түрде реттеді. Соңғы жылдары сахнадан түсіп, үйдің жылуына ендім. Перзентханаға 2 рет барып келдім. Әрине, арасында күйеуіммен дуэт айттым», - деп жазды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар