Қазақстан құрамасының спортшысы Диана Ержанова Румынияның Изворани қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы триатлоннан Еуропа кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп жазды Alash.kz.
Отандасымыз жарыс қашықтығын 35 минут 41 секундта бағындырып, мәреге бірінші болып жетті.
Күміс жүлдені Румыния өкілі Тунде Кришан (35:48) иеленсе, үшінші орын италиялық Элис Вентреге (35:50) бұйырды.
Жарыста Қазақстан құрамасының өзге спортшылары да жоғары нәтиже көрсетті. Алуа Нұрмұхамет бесінші орынға (36:03), Калерия Шнайдер алтыншы орынға (36:07), ал Аида Ким тоғызыншы орынға (36:13) тұрақтады.
Осылайша, қазақстандық триатлоншылар халықаралық додада табысты өнер көрсетіп, ел қоржынына кезекті алтын медальді салды.