Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Наркологиялық және психиатриялық есепте тұрған»: Түркістан облысында жүргізуші куәлігін заңсыз алған 89 азамат әшкере болды

09:33, 19 шілде 2026

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында прокуратура тексерісі барысында наркологиялық және психиатриялық есепте тұрған 89 азаматтың заңсыз түрде жүргізуші куәлігін алып, көлік тізгіндеп жүргені әшкереленді, деп хабарлайды Alash.kz.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген тексеру шаралары кезінде аудандық прокуратура автокөлік басқаруға медициналық тұрғыдан мүлдем рұқсаты жоқ тұлғаларды анықтаған. Бас прокуратура таратқан мәліметке сәйкес, бұл өрескел заңсыздыққа жол берген жауапты лауазымды тұлғалар қолданыстағы заңнама аясында тиісті жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, дәл осындай құжаттарды заңсыз беру дерегі өткен айда Абай облысында да тіркелген болатын. Ол өңірде прокуратура қызметкерлері жүргізуші куәліктерін ақшаға саудалады деген күдікпен Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) мамандарының қылмыстық әрекетін әшкерелеген еді. Тергеу органдарының болжамы бойынша, орталық қызметкерлері материалдық сыйақы үшін азаматтардың орнына емтихандарды өздері тапсырып келген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар