Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Екі аяғынан айырылды». Оқыс оқиға: Алакөлде 69 жастағы қарт әйел ауыр зардап шекті

10:34, 19 шілде 2026

Алакөлде демалып жатқан қарт әйел катердің винтіне түсіп, екі аяғынан айырылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Оқиға Алакөл ауданы Көктұма ауылының маңындағы шипажай аймағында орын алған. Жағалауға демалуға келген 69 жастағы әйел артқа қарай қозғалып бара жатқан үлкен катердің винтіне байқаусызда ілініп кеткен.

Жетісу облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шегуші ауруханаға өте ауыр әрі критикалық халде жеткізілген. Дәрігерлер оған ауыр аралас политравма диагнозын қойды, сонымен қатар әйелдің сол жақ аяғы толығымен, ал оң жақ аяғы ішінара ампутацияланған болып шықты. Оған қоса, көп қан жоғалтқан науқас шок жағдайында болған.

Дәрігерлер әйелдің өмірін сақтап қалу үшін шұғыл түрде консилиум өткізіп, шокқа қарсы шараларды жасады.

«Науқастың өмірлік көрсеткіштері ескеріле отырып, шұғыл хирургиялық ота жасалды. Жараларды алғашқы хирургиялық өңдеуден өткізіп, зақымдалған тіндерге ревизия жасалған соң, қан кету толық тоқтатылды. Нәтижесінде екі төменгі аяғы да санның төменгі үштен бір бөлігі деңгейінде ампутацияланып, тұқыл қалыптастырылды», — деп хабарлады.

Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады.

Тәртіп сақшылары шағын көлемді кеме иелеріне су көлігін пайдалану кезінде, әсіресе халық жаппай демалатын орындарда қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ, демалушыларды да барынша мұқият болуға және судағы сақтық шараларын мүлтіксіз орындауға шақырады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар