Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алдын-ала қазылып қойған зиратты 150 мың теңгеден қырылып сатып алып жатыр: Көкшетауда шу шықты

12:12, 04 желтоқсан 2024 1398

Көкшетауда тұрғындар мұсылмандар зиратында алдын ала қазылып қойған жүзден аса қабірге шағымданды. Бұл туралы Alash.kz  Ктк арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мұны жаман ырымға балағандар әлеуметтік желіде шу шығарды. Деректерге сүйенсек, тіпті әр қайсысын 150 мың теңгеден сатқандар да болған екен. Алайда жұрт "бұл өлім шақырғанмен бірдей" дейді.

“Сұмдық жағдай. Сорақы жағдай. Хабардармыз, көріп жатырмыз. Ертеректе дін өкілдерінің тарапынан сондай салт болған деп, көркем әдебиеттен оқитынбыз. "Табыт қағу салты" дейді. Түсім азайып кетті, пайда жоқ, өлім-жітім азайып кетті деп, сондай сұмдық жасайтын болған екен ертеректе. Сол сияқты, қазақтың өзі ырым-тыйымы да бар ғой. Қазылып қойған көр – адамның өлімін тілеп жатады”, – деді Қуаныш Оспан:

Қоғам пікірі екіге жарылып, бірі  дәстүрімізде жоқ нәрсе, ырымға жаман десе, екінші жақ ауа райының қолайсыздығына байланысты осылай қабірді ерте дайындаған дұрыс дейді.

“Үш-төрт адамның күшімен қазу мүлде мүмкін емес. Сондықтан да зират басында қазылып қойған қабірлердің бір сыры осында ма деп ойлаймын. Өйткені бүгін адам қайтып, ертең жерлеу керек болса, екінші күні зират басындағы бір-екі адаммен ғана қазу мүмкін емес. Оған қазір туыстары да бара қоймайды”, – деді Бақыт Смағұл.

Ал ислам дінін насихаттаушы имамдар бұл жағдай бұрын да болған дейді. Сондықтан халықты сабырға шақырып, мәселеге түсініспен қарауды өтінді.

“Зират қыста ғана, осылай соңғы екі жылда қазылып келе жатыр. Күзде, қыста жер қатты болғандықтан, алдын ала қазып қояды, осындай бірнеше қабірді. Бұл соңғы бір жылда, екі жылда қардың аз түсуіне байланысты, жер бір жарым метрге дейін қатып қалады. Қыста кейбір мәйіт 3-4 күнге кешігіп қалған кездер де болды”, – деді Науан Хазірет мешітінің наиб имамы Ұлан Беркімбайұлы. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар