Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Баян Алагөзова КешYou тобының 20 жылдық мерей тойлық кеші туралы мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz.
Продюсер YouTube желісіндегі деректі фильмде топтың «Алтын құрамы» туралы өз ойын айтты.
«Алтын құрам» сахнаға шыққан сәтте фурор (взрыв) болатынын білдім. Олардың сахнада бір минут бойы үнсіз тұруы тегін емес. Яғни, көрермен олардың бейнесіне тояттап, әсер ала алуы үшін бұл да алдын ала ойластырылған еді.
Өйткені көрермен оларды шынымен де қатты сағынған. Әрине, мен де оларды сағындым. Бұл «алтын құрам» қазіргі Қазақстанның жаңа тарихында өшпес із қалдырды, бұған өзім де өте қуаныштымын.