Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алдағы бес айда біз үшінші дүниежүзілік соғысқа ұшырауымыз мүмкін - Трамп

19 мамыр 2024 278

Қазіргі америкалық басшылықтың қабілетсіздігінің кесірінен сайлауға дейін қалған бес айда үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін. Бұл туралы АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп айтты, деп жазады Alash.kz порталы eadaily.com сайтына сілтеп.

Ол өзінің президент ретіндегі мұрагері және бәсекелесі Джо Байденді меңзеп, оның кесірінен алдағы бес ай қауіпті екенін мәлімдеді.

«Бұл елді басқаратын ақымақтардың кесірінен тірі қалатын адамдар аз. Өйткені қазіргі қарудың күші қорқынышты. Алдағы бес айда біз үшінші дүниежүзілік соғысқа ұшырауымыз мүмкін», - деді ол.

Еске салсақ, бұған дейін Трамп қарашадағы сайлауда жеңіске жеткен жағдайда Украинадағы «қорқынышты» қақтығысты шешуге уәде беретінін айтқан. Енді ол егер АҚШ-ты басқаруды жалғастырса, бұл қақтығыстың пайда болуына жол бермейтінін тағы қайталап айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?