Тау шаңғысы курортындағы өрттен кейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Болуға бара жатып, қайғылы жағдайда қаза тапқан Гюльтекин отбасын жерлеуге қатысты, - деп хабарлайды Alash.kz Massaget.kz сайтына сілтеп.
"Біздің жанымыз да, жүрегіміз де жанып жатыр", - деді Ердоған жерлеу кезінде көз жасын ұстай алмай.
Болу провинциясында орналасқан Карталкая тау шаңғысы орталығында болған өрт салдарынан қаза тапқандар арасында Түрік әуе желілерінің қызметкері Зехра Сена Гюльтекин, оның күйеуі, үш баласы және тағы туыстары бар.
Белгілі болғандай, өрт кезінде Зехра Сена анасына хабарласып, кешірім мен бата сұрап үлгерген. Отбасы өртке оранған ғимараттан шыға алмады.
Болу Орталық қауымының мешітінде Гюльтекин отбасымен қоштасу рәсімі өтті. Гүлтекин отбасымен қоштасу үшін мешіттің ауласына мыңдаған адам жиналды.