Актер, режиссер Рүстем Жаныаманов журналист Асмира Ермекқызына өнердегі жолына қатысты жаңа сұхбат берді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Ол өз сұхбатында карьерасында қызық жайттар болғанын жасырмады. Оны бір фильмге түскені үшін тұрақты қызмет істейтін орны жұмыстан шығарып жіберген.
”Мен “отыздан асып барамын” фильміне түстім. Рөл қатты ұнады. Кейін жұмыстан хабарласып, неге ондай киноға түсесің?Деп айтты. Енді мен не істеуім керек? Мен актермін. Отбасымды осы кино арқылы асырап отқан адаммын. Бізде қазір киноға таңдау жоқ. Фильминдустрияда да сезон бар. Көктемнен күзге дейін кино түсірілімдер көп болады. Қыста азаяды. Мен түскен фильм қыста түсірілді. Ақша керек болған соң барасың. Дау шықты. Жұмыстан, әкімдіктен хабарласқандар болды. “Провакацияға шақыратын кино екен” деп те айтты. Жалғыз біз емес, қазір барлық жерде айтылып жатыр ғой. Жұмыстан шығарамыз деді, жарайды дедім. Мен өлмеймін. Басқа театрға барамын, болмаса келіншегіммен клип түсіремін. Киноға бола мені шығарып жібердіңдер ме, жарайды деп күлдім”,- деді ол өз сұхбатында.