Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Әкесінің рұқсатын алған. 1,5 млн қалың мал берілді» - Сарыағаштағы алып қашу оқиғасы туралы ел естімеген дерек шықты

17:01, 21 қаңтар 2026

Түркістан облысындағы 17 жастағы бойжеткенді алып қашқандарға қатысты дау жаңа арнаға бұрылды, Аlash.kz. 

Қоғамда үлкен наразылық тудырып, Президенттің назарына іліккен бұл оқиға бойынша ұсталған жігіттің анасы мәселенің мән-жайы мүлдем басқа екенін мәлімдеді.

Күдіктінің анасы Зүлфия Елібаеваның айтуынша, ешқандай күштеп алып қашу немесе зорлық-зомбылық болмаған, керісінше, бұл - екі жақтың келісімімен жасалған іс-әрекет. 

«Қыз әжесі мен әкесінің рұқсатымен келді. Жігіт жағы қыздың туыстарын қарсы алып, қалың мал ретінде 1,5 миллион теңге берді. Кейін қыздың жасауы да әкелінді», - деп түсіндірді ол болған жайтты.

Сонымен қатар, Елібаева ханым бұл істің астарында ақшалай мүдде жатқанын алға тартып, бойжеткеннің анасының да ұсталғанын жеткізді. Мәліметтерге сүйенсек, жәбірленуші тараптың анасы бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 5 жылға сотталған болып шықты.

Қазіргі таңда Сарыағаш ауданының Дербісек ауылында орын алған бұл оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 125-1-бабы (Некеге тұруға мәжбүрлеу) негізінде тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті ретінде танылған жас жігіт қамауға алынды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар