Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Әкем зорлады» деген блогер Жузефинеге қатысты сұмдық ақпарат тарады (ВИДЕО)

18:00, 25 маусым 2026

Атышулы блогер Жұлдыз Жауынбаева есірткі қолданып, желіде жалған ақпарат бергені үшін қамауға алынды, деп жазады Alash.KZ

Полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында блогер қыздың әкесі тарапынан өзіне қатысты зорлық-зомбылық жасалғаны туралы мәлімдемелері, сондай-ақ былапыт сөздер айтылған және қоғамдық тәртіпті бұзатын өзге де әрекеттер көрсетілген бейнежазбалары анықталды.

«Аталған жария мәлімдемелер бойынша тексеру жүргізілді. Контент авторы және оның ата-анасы анықталып, олардан жауап алынды. Құқыққа қайшы әрекеттер туралы ақпарат расталған жоқ. Бейнежазбада Алматы қаласының тұрғыны тыйым салынған заттарды қолданғанын көрсеткен. Медициналық куәландыру есірткі заттарын қолдану фактісін растады. Сондай-ақ блогердің әрекеттерінен ұсақ бұзақылық жасау және жалған ақпарат тарату сияқты әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталды. Жиналған материалдар сотқа жолданды», – делінген ПД хабарламасында.

Бұдан бөлек, бұған дейін полиция қызметкерлері азаматшамен профилактикалық әңгіме жүргізіп, құқыққа қайшы мінез-құлыққа жол бермеу туралы ресми ескерту тапсырған. Сот қарауының нәтижесі бойынша құқық бұзушыға 10 тәулік әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар