Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әкем үйге кіргізбей, қайтарып жіберген: Мөлдір Әуелбекова бар сырын ақтарды

13:33, 11 қараша 2024 272

Мөлдір Әуелбекова екі бірдей некесінің не үшін сәтсіз болғанын айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ол бұл туралы Din Dina Show бағдарламасында айтты.

Мөлдір Әуелбекова өзінің отбасын сақтау үшін барлық амалды жасағанын жасырмады.

“Ажырасу, балаларды жалғыз тәрбиелеу оңай емес. Маған де қиынға соқты. Бір күні баламның әкесімен ренжісіп қалып, үйге келдім. Тынышталатын шығар деп күттім. Әкемнің үйінде де жанжал жалғасты. Содан мен үйдегілерге “Осында қаламын, күйеуіме бармаймын” дедім. Әкем үйге кіргізбей, қайтарып жіберген. Ата-анамның шешімі дұрыс болар деп, отбасымды сақтау үшін шыдадым. Бірақ жағдай мен жанжал үдей түсті. Әкемнің даналығын күйеуімнің туыстары түсінгенде бәрі жақсы болушы еді. Олар “Жексұрын болып, өзі қайтып келді. Қайтып келген қыз жаман” деп мені кінәлады. Бірақ соңында бәрібір ата-анамның үйіне қайтып бардым”, – деді эстрада жұлдызы. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар