Қазақстанның Халық әртісі, марқұм Асанәлі Әшімовтың қызы әлеуметтік желіде жантебірентерлік жазба жариялап, оқырмандардың көңілін толқытты, деп жазады Alash.KZ.
Өзінің жүрекжарды жазбасын "Жүрегімнің ішінде жүрегі" деп бастаған, актердің қызы әкесіне деген сағынышын әдемі теңеулермен өрбіткен.
"Сізді сөзбен жеткізу қиын. Сағыныш үнсіз, бірақ жүректе ауыр. Амал дәптері әрдайым ашық болсын. Алла жаныңызды жәннатқа кіргізсін, иманыңыз саламат болсын. Жатқан жеріңіз жарық, топырағыңыз торқа болсын. Біз сізді әрдайым сағынып, сүйіспеншілікпен еске аламыз…" деп жазады ол.