Құлсарыдан 6 сәуір күні жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды.
Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында 6 сәуір күні жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды.
Ер адам баласымен суға кеткен үйін көруге шыққан, бірақ қайтып оралмаған.
Марқұмның қызы жергілікті билік із-түзсіз жоғалғандарды іздеп жатқан жоқ деп шу шығарғаннан кейін,қосымша күштер тартылды.
Бүгін ер адамның денесі олардың үйінен 1 шақырым жерден табылды. 24 жастағы ұлын іздеу жұмыстары жалғасуда.