Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әке жолын жалғаған ұл. Белігілі журналист Амангелді Сейітханның ұлы көпшілікті тамсандырды

11:31, 16 тамыз 2024 898
Белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітханның ұлы Бегасыл Сейітханның Олимпиада ойындарынан сауатты репортаж жүргізгені көпшілікті тамсанды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
 
Елге танылған журналист Қайнар Олжай Амангелді Сейітханның перзентіне ақ батасын беріп, Бегасыл Сейітханның шабысына тамсанды: 
Әкесімен ширек ғасыр қатар жүрдік. Біз аға бола алдық па екен, ал Амангелді Сейітхан нағыз іні бола білген. Жай іні емес, әріптесіміз, сырласымыз да еді.
Оның бәрі Амангелді туралы естелік кітапқа шықты. Қайталап та жария болар.
Бүгін Аманның баласы Бегасыл туралы жазбақпыз. Анығында бата бермекпіз.
Үйіне барғанда алдымыздан шығып сәлем беретін, біз сабағы мен спортын ғана сұрайтын бозбала бір күнде ер жетті. Әкесі өмірден өткен күні.
Арада жылға жуықтағанда Аманның тағы бір ағасы - Арман Сқабылұлының бас болуымен еске алу турнирі өткенде Бегасылға сөз берілген. Саясатшылар мен қаламгерлер бас қосқан жерде қалай сөйлер екен деп қобалжығанбыз. Баламыз семсер болып суырылғандай, маржан болып шашуға шашылғандай риза еткен. Тәлім мен тәрбиеге, тіпті арғы жақтағы тек деген ұғымға қазақ бекер мән бермейтінін сонда дәлелдеген.
Сол Бегасылды міне, бірнеше апта теледидардан тыңдадық. Тұлпар әкенің орнына шыққан тай баланың шабысы тамсандырды. Париж олимпиадасының спорттық жарыстарын “Хабар” агенттігінің бірнеше арнасы тікелей көрсеткенде Бегасыл Сейітхан ана тілімізде репортаж жүргізді, - деп жазды Қайнар Олжай. 
 
 
Орайы келгенде айта кетейік, Бегасыл Сейітхан  – биылғы Париждегі Олимпиада ойындарын жүргізген ең жас комментатор. Бегасыл – белгілі тележурналист Амангелді Сейітханның екінші перзенті. Бір жарым жылдан бері әке жолын жалғап, комментаторлыққа бет бұрған. Өзі – болашақ тіс дәрігері. Бос уақытында мал шаруашылығымен айналысады. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар