Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әке ізін жалғаушы: Марқұм Амангелді Сейітханның ұлы олимпиадада коментаторлық етеді

12:28, 25 шілде 2024 2518

Спорт журналисі Аслан Қаженов өз facebook парақшасында марқұм Амангелді Сейітханның ұлы әкесінің жолын қуып, Париж олимпиадасында коментаторлық ететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Журналист Аслан Қаженов өз постында әкесінің жолын қуған Бекасыл Сейітханға риясыз алғысын айтты. 

Аман ағаның орнына ұлы келді...

Амангелді Сейітханның ұлы Бекасыл Сейітхан комментаторлар қатарына қосылып, Париж олимпиадасынан хабар таратуға мүмкіндік алды. Осыны естіп, кәдімгідей қуанып отырмын. Бұған дейін үміткерлер тізімінде ғана болған. «Хабар» Агенттігінің басшылығы оны ресми мақұлдады және бірер күннен кейін іске кіріседі. Аман ағаның наушник тағып алып, сөйлеп отырған суреті бар ғой. Әлеуметтік желіде кеңінен тараған. Міне, енді сол құлаққапты баласы Бекасыл киеді.

Бұл жігітті Аман ағаның ұлы болғаны үшін ғана алып отырған жоқ. Бекасыл бұған дейін де спорттық шаралардан ақпарат таратып жүр. Алматыда бірнеше жарыста комментатор болды. Әсіресе, осы олимпиадалық бағыттарда. Бұған қоса, ат спортына жақын. Бәйге түрлерінде сөз тізгінін алып отырғанын көргем. Ал, енді алғаш рет республикалық арнада қызмет етпек. Кітап көп оқиды. Өлең жазатыны да бар. Әкесі сияқты соның барлығын шебер ұштастарып, өзінің ерекше стилін тауып алады деп сенемін. Сәттілік, Бекасыл!,- деді жазбасында журналист.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар