Әнші Балжан Бидаштың экс-күйеуі, актер Жахан Отарғалиев желідегі пікірі үшін сынға ұшырады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Жуырда үшінші рет шаңырақ көтерген Жахан Отарғалиев Мөлдір Мұқанның сұхбатынан кейін Threads парақшасында төмендегідей жазба жариялаған.
«Подкаст дамымай тұрып ажырасып кеткеніме қуанып отырмын», - деп жазды актер.
Желі қолданушылары актердің бұл жазбасын сынап, түрлі пікір қалдырды.
«Сені подкастсыз-ақ та ешкім жақсы көрмейді », «Сөзім жоқ. Бидаш осыдан кеткені жақсы болды», «Тыныш отыра бермейсіз бе?!», «Сіз де тым жақсы қызды алып, тұншықтырып тастадыңыз ғой», «Бұл жерде пікір білдіргенің үшін өкінесін-ау», - деп жазды желі қолданушылары.