Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ажырасып, екінші рет үйленді: Ләйлә Сұлтанқызы оқырмандарын ойландырып қойды

13:21, 11 тамыз 2026

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, оқырмандарына ой салды, деп хабарлайды ALASH.KZ Sn.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Ол өз жазбасында қайын інісінің тойына барғанын баяндады.

«Кеше қайын інім 2-ші рет үйленді, бірінші әйелімен 10-шақты жыл бұрын ажырасқан болатын. Әп-әдемі, жағдайы бар жігіт. Келін де керемет. Тойға туыстардың ішінен ең жақындарын ғана шақырды. Нағыз жастардың тойы болды. Кеткіміз келмей отырдық. Еркін формат, ойындары да өте қызық болды. Әзімбек (Алашұлы тобы) пен Мұхамед Жанов мықты тандем екен. Тамада іздесеңіздер, кеңес берем», – деді ол.

Ләйлә Сұлтанқызының бұл жазбасы әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырды. Кейбір оқырман оның қайын інісінің бұрын ажырасқанын атап өткенін артық деп санап, пікір білдірді.

«Өсекті де грамотно, тактично айтады екенсіз», «Қызық-қызық екенсіз, Ләйлә әпке», «Содан? Келін құтты болсын. Өсекті жібереді екенсіз», – деп жазды желі қолданушылары.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар