Грецияның Салоники қаласында 1-4 қазан аралығында самбо күресінен әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Alash.kz.
Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, жарыста отандасымыз Ахмет Ислам 49 келі салмақ дәрежесінде 1-орынды жеңіп алды.
«Ел намысын биік ұстап, мемлекеттік туымызды көкте желбіреткен Исламды және оның бапкері Абай Әбішевті осы айтулы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Спортшымыз бен жаттықтырушымызға жаңа асулар, толағай табыстар тілейміз! Қазақ спортының мерейі үстем болсын!», – делінген құттықтауда.