Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Айттық. Орындадық. Заңды түрде!»: Асхат Аймағамбетов маңызды жаңалықты жария етті

11:57, 10 шілде 2026

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов колледждердің студенттер жасаған өнімдерді заңды түрде сатуына жол ашатын заңға Президент қол қойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.

Депутат бұл туралы желідегі парақшасында жария етті:

Колледждер үшін маңызды жаңалық!

Мемлекет басшысы заңға қол қойды.

Енді колледждер студенттер өндірістік практикада жасаған нан-тоқаш, тоқыма, ағаш және басқа да бұйымдарды артық бюрократиясыз заңды түрде сата алады.

Бұл қаражат шикізат сатып алуға, практиканы күшейтуге және студенттерге нарықпен жұмыс істеудің нақты тәжірибесін беруге жұмсалады.

Айттық – орындадық.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар