Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Air Astana ұшағы апаттық жағдайға тап болды

11:38, 19 тамыз 2024 276

Ақтөбеде Air Astana әуекомпаниясының ұшағы апатты жағдайға тап болды.  Баспасөз қызметі жағдайды баяндап, апаттық жағдайға тап болған КС 866 рейсі жайлы түсініктеме берді, деп  хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Әуекомпанияның жасаған түсініктемесіне сәйкес, 16 тамызда Airbus A321 ұшағын сүйрету кезінде шассидің тұмсықтық тірегіндегі бекітпе зақымданған.

"Ақтөбе-Алматы" бағыты бойынша КС 866 рейсі алдымен 17 тамызға дейін кешіктіріліп, кейін тоқтатылды. 

Жолаушыларға билет құнын айыппұлсыз қайтару ұсынылды. Жөндеу жұмыстарын орындау үшін ұшақты жолаушыларсыз Астанаға жеткізу туралы шешім қабылданды, алайда елордалық әуежайдың түнгі уақытта жабылуына байланысты әуекомпания айдау рейсін 19 тамызға қалдыруға мәжбүр, - делінген хабарламада.

Ақтөбеде істен шыққан ұшаққа бола өзге де ондаған рейстер кешігіп, жолаушылардың "уақыты ұрланды".

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар