Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Air Astana мен FlyArystan Каспийде қаза тапқан сарбаздардың туыстарын тегін тасымалдайды

19:54, 25 қыркүйек 2026

Air Astana компаниялар тобы Каспий теңізінде оқу-жаттығу кезінде аман қалған және қаза тапқан әскери қызметшілердің жақын туыстарын тегін тасымалдайды, деп хабарлайды Alash.kz.

«Air Astana компаниялар тобы қаза тапқан және аман қалған әскери қызметшілердің жақын туыстарына, сондай-ақ Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде аман қалған әскери қызметшілердің өздеріне авиабилеттер ұсынады. Билеттер 2026 жылғы 25 қыркүйектен 3 қазанға дейінгі кезеңде орындалатын компаниялар тобының кез келген ішкі рейстеріне ұсынылады.

Жақын туыстарына ата-аналар, ерлі-зайыптылар, балалар, сондай-ақ туған аға-інілері мен апа-сіңлілері жатады.

Брондау кезінде туыстығын растайтын құжаттарды ұсыну қажет», – делінген әуе компания таратқан хабарламада.

Билеттерді рәсімдеу үшін компаниялар тобының сату кеңселеріне, сондай-ақ басқа да байланыстар бойынша хабарласуға болады:

Air Astana

Брондау және ақпарат орталығы (24/7):

форманы толтыру қажет

https://help.airastana.com/forms/#/25dac2f182b044e1919d42d99ccaa8bd?lang=kk&tab=tab_1790308630760

WhatsApp: +7 702 702 00 74

Online chat: airastana.com

FlyArystan

help@flyarystan.com

8 727 331-10-10

WhatsApp +7 702 702 0227

Live Chat FlyArystan мобильді қосымшасында/ flyarystan.com сайтында

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар