Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қанат Бозымбаев шұғыл Үкіметтік комиссияның отырысын өткізді: Қандай шешім қабылдады?

14:12, 25 қыркүйек 2026

Маңғыстауда болған қайғылы оқиғаға байланысты ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен Үкіметтік комиссияның отырысы өтіп, қаза тапқан әскерилердің отбасыларына арнайы қор арқылы көмек көрсетілетіні белгілі болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Жиында бірінші кезектегі тергеу іс-шараларының нәтижелері мен апаттың себептерін анықтауға бағытталған кезекті қадамдар қаралды. ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің мәліметінше, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 453-бабының 2-бөлігі («Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау») және 465-бабы («Кеме жүргізу немесе оны пайдалану қағидаларын бұзу») бойынша қылмыстық істер қозғалған. Отырыс барысында қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына жан-жақты қолдау көрсету жүктелді. Осы орайда қаражатты шоғырландыру үшін арнайы қор ашылып, түскен қаржының бөлінуі Маңғыстау облысы әкімдігінің тұрақты бақылауына алынды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар