Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Орны ақшамен толмайды... Опат болсақ әскерде, Отанды кім қорғайды?" - Жандарбек Бұлғақов (ВИДЕО)

12:17, 25 қыркүйек 2026

Белгілі айтыскер ақын, "Алтын домбыра" иегері Жандарбек Бұлғақов Маңғыстаудағы әскерилердің мезгілсіз қазасына арнау айтты, деп жазады Alash.kz.

Ақын әлеуметтік желідегі парақшасында Есенғали Раушановтың "Желтоқсан" оқиғасына арнаған "Қара бауыр қасқалдақ" өлеңінің ізімен, Лесбек Амановтың мақамына жыр жазды.

Заманы ауыр, жас солдат, суға кеттің бір күнде-ақ.

Толқынында теңіздің жас сүйегің былқылдап.

Заманы ауыр, жас солдат, кері қайт...

Қазақ елі қайғырып,  он екі үйге көңіл айт.

Қаза болса, жас сарбаз - қазақ үшін зор қайғы.

Опат болған солдаттың орны ақшамен толмайды.

Қайғырғанмен сарбаздың қайта оралмас кемесі.

Боранды күн теңізге шығарғаны - о несі?

Аға, бауыр, дос солдат, кері қайт...

Күйреп қалған шаңыраққа министрлер көңіл айт.

Отау қалса иесіз - отбасына ол қайғы.

Опат болсақ әскерде Отанды кім қорғайды?

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар