ҚР Құрылтай Депутаты Айдос Сарым Каспий теңізіндегі қаралы оқиғаға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.
Ең алдымен, үлкен кешірілмес, ұмытылмас трагедияда қаза тапқан қазақ жауынгерлерінің ата-аналарына, жақын туыстарына көңіл айтқым келеді. Президенттің тапсырмасымен комиссия құрылды. Бас прокуратура тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Дәл қазірге дейін 30-дан астам шенді-шекпенді тергелді. Тиісті 2 бап бойынша жазаланатын адамдардың саны пайда болған сияқты. Сондықтан, өз басым тергеудің соңын күтуге шақырар едім. Жөн-жосықсыз командирлерді жазалай бергеннің де пайдасы жоқ. Елдің болашағын ойласақ, қауіпсіздігін ойласақ. Бірақ, үлкен трагедия.