Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Екі әскеридің мәйіті табылды»: Министрлік есімдерін жариялады (ВИДЕО)

11:01, 25 қыркүйек 2026

Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде дауыл салдарынан жоғалып кеткен соңғы екі әскери қызметшінің денесі табылып, ашық теңіздегі іздестіру-құтқару операциясы ресми түрде аяқталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Сержант Мансұр Ғұмаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының денелері шамамен сағат 09:15-те табылды.

Еске сала кетейік, Маңғыстау облысында ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жауынгерлік тапсырмасын орындау барысында ауа райы кенеттен нашарлап, екпінді желдің салдарынан 17 сарбазды ашық теңізге алып кеткен болатын. Жедел жүргізілген құтқару шараларының нәтижесінде 3 әскери қызметші аман құтқарылып, ауруханаға жеткізілді. Ауқымды операцияға 250-ден астам маман, әскери сүңгуірлер, кемелер мен тікұшақтар жұмылдырылып, нәтижесінде қайғылы жағдайдан қаза тапқандар саны 14 адамға жетті. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар