Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дауылды ескерту екі күн бұрын жасалған: Ашық теңіздегі апатқа қатысты ресми құжат жария болды (ФОТО)

12:47, 25 қыркүйек 2026

Қазгидромет мекемесінің ресми құжаттарына сәйкес, Маңғыстау облысында сарбаздар қаза тапқан қайғылы оқиға қарсаңында дауылды ескерту алдын ала бірнеше рет жарияланған, деп хабарлайды Alash.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, алғашқы дауылды ескерту 22 қыркүйекте таратылып, 23 қыркүйекте күндіз желдің екпіні секундына 18 метрге дейін күшейетіні ескертілген. Кейіннен 23 қыркүйек сағат 20:00-ден 24 қыркүйек сағат 20:00-ге дейінгі аралыққа екінші дауылды ескерту жарияланып, өңірде секундына 15–20 метрге жететін соқпалы оңтүстік-шығыс желі мен шаңды дауыл күтілетіні ресми түрде хабарланған.

Оған қоса, 24 қыркүйекте облыс тұрғындарының ұялы телефондарына ауа райының күрт нашарлайтыны жөнінде СМС-хабарламалар да түскен. Осыған қарамастан өткізілген оқу-жаттығу кезінде ашық теңізге ағып кеткен 14 әскери қызметші қаза тауып, іздестіру-құтқару операциясы толығымен аяқталды. Қазіргі таңда Бас прокуратура ауа райы жағдайын ескермей, қауіпсіздік шараларын тиісінше ұйымдастырмаған лауазымды тұлғаларға қатысты қызметтік салғырттық бабы бойынша қылмыстық іс жүргізуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар