Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қысым бола ма деп қорқамын»: Аман қалған сарбаздың әкесі мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

11:45, 25 қыркүйек 2026

Ақтаудағы қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаз Темірхан Ақжолдың әкесі ұлының қауіпсіздігі мен тергеу барысына қатысты алаңдаушылығын білдірді, деп хабарлайды Alash.kz MadeniPortal.kz ақпаратына сүйеніп.

Сарбаздың әкесі баласы есін жиғаннан кейін оған психологиялық немесе процестік қысым жасалуы мүмкін екенін айтып, үрейленетінін жеткізді.

«Мүмкін менікі үрей немесе қорқыныштан шығар. Бірақ, балама допрос болған кезде «былай деп айт» деген сияқты қысым бола ма деп қорқамын. Балам өз күшімен жағаға жүзіп шыққан. Бірінші кезекте досы Азаматты іздеген. Жарты сағаттай іздеуге көмектесіп, кейін басы айналып отырып қалған. Баланың қолында досының береткасы қалай және қайдан жүргенін білмеймін», — деді аман қалған сарбаздың әкесі.

Сонымен қатар ол ұлының бұл әскери жаттығуға 2-3 күн бойы арнайы дайындалғанын бұған дейін айтқанын тілге тиек етті.

Еске сала кетейік, Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде орын алған қайғылы жағдай салдарынан 14 әскери қызметші қаза тапқан болатын. Қазіргі уақытта Ақтау гарнизонындағы апатқа қатысты Бас прокуратура тарапынан қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар