Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Каспийдегі іздестіру-құтқару операциясы: 250-ден астам маман мен авиация жұмылдырылды

10:14, 25 қыркүйек 2026

Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен құрылған Үкіметтік комиссияның тапсырмасына сәйкес Каспий теңізінде үздіксіз іздестіру-құтқару операциясы жүріп жатыр, деп хабарлайды Alash.kz.

Іздестіру жұмыстарына оқиға орнында Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов тікелей басшылық жасауда. Жедел штаб құрамына Қорғаныс, Төтенше жағдайлар, Ішкі істер министрліктерінің, ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері мен Маңғыстау облысының әкімдігі кірген. Ауқымды операцияға 252 маман, 34 арнайы техника, 37 сүңгуір, 14 кеме мен катер, сондай-ақ 4 тікұшақты қосқанда 20-дан астам әуе кемесі жұмылдырылды. Су айдыны мен жағалау аймағы әуеден де, су астынан да үздіксіз тексерілуде.

Еске сала кетейік, оқу-жаттығу кезінде ауа райының күрт нашарлауы салдарынан ашық теңізге 17 әскери қызметшіні толқын алып кеткен еді. Жедел шаралар арқасында 3 сарбаз құтқарылып, 12 әскери қызметшінің қаза тапқаны расталды. Қазіргі уақытта тағы 2 сарбазды іздеу жұмыстары жалғасуда. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, арнайы комиссия тергеу жүргізуде. Қаза болғандардың отбасылары мен зардап шеккендерге жан-жақты материалдық әрі психологиялық көмек көрсетіледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар