Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Өзі жүзіп шыққан. Басы айналып, есін жоғалтқан": Апаттан аман қалған сарбаздың әкесі мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

14:32, 25 қыркүйек 2026

Каспий теңізіндегі оқиғадан зардап шеккен сарбаз Темірхан Ақжолдың әкесі ұлының қалай аман қалғаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Alash.kz.

Балам өзі жүзіп шықты. Өзінің күшімен жағаға дейін жүзіп шығып, досын іздеген. Жарты сағаттай сол жерде көмектесіп, жағада жүрген. Кішкенеден кейін басы айналып, отырып қалған. Су жұтқан шығар. Ауруханаға келгенше есін біліп келген. Еміс-еміс есін жоғалтып, жеткен.  

Еске сала кетейік, Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде орын алған қайғылы жағдай салдарынан 14 әскери қызметші қаза тапқан болатын. Қазіргі уақытта Ақтау гарнизонындағы апатқа қатысты Бас прокуратура тарапынан қылмыстық іс қозғалып, 5 лауазымды тұлға тұтқындалды. Кешенді тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар