Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Каспий теңізіндегі қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына жергілікті атқарушы органдар тарапынан материалдық көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Alash.kz.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәліметінше, 25 қыркүйек күні сағат 08:45-те Орал қаласының әуежайына қайтыс болған батысқазақстандық сарбаздар Жеңіс Темірғалиев, Өмірбек Өмірзақ және Ақжайық Ғилаждың денелері арнайы рейспен жеткізілді. Марқұм болған әскери қызметшілерді ақтық сапарға шығарып салу және жерлеу рәсімі 26 қыркүйек күні өтеді. Қазіргі уақытта жерлеу шараларын ұйымдастыру бойынша барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр, бұл мәселе облыс әкімінің тікелей бақылауына алынған.