Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ресей халқы олардың қайғысы мен қасіретін бөліседі»: Путин Тоқаевқа көңіл айтты

11:27, 25 қыркүйек 2026

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Каспий теңізінде болған қайғылы оқиға салдарынан әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты жеделхат жолдап, көңіл айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

Кремльдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ресей басшысы 25 қыркүйекке қараған түні жолдаған жеделхатында қаза тапқан әскерилердің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра ортақтасатынын жеткізген.

 «Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің Каспийдегі оқу-жаттығулары барысында болған қайғылы оқиғаға байланысты шын жүректен көңіл айтамын. Қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына шынайы жанашырлығым мен қолдауымды жеткізуіңізді сұраймын. Ресей халқы олардың қайғысы мен қасіретін бөліседі», — делінген Владимир Путиннің жеделхатында.

Еске сала кетейік, Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде ауа райының күрт нашарлауы салдарынан ашық теңізге ағып кеткен 14 сарбаз қаза тапқан болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен 25 қыркүйек Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар