Маңғыстаудағы Каспий теңізінде болған қайғылы оқиға бүкіл елдің қабырғасын қайыстырып, жұртшылықтың жүрегін сыздатты, деп хабарлайды Alash.kz.
Теңіздегі оқу-жаттығу кезінде күрт соққан дауыл салдарынан сарбаздар ашық теңізге ағып кете жаздап, 12 әскери қызметші апаттан қаза тапқан болатын. Осы қайғылы оқиғадан кейін аман қалған сарбаздардың бірі — Ақжол Темірхан ауыр жағдайда ауруханада жатса да, қаза тапқан қарулас досы Азамат Мадиханның киген беретін қолынан бір сәт босатпай ұстап жатыр.
«Азамат досымдікі, өзім берем», — деп жас сарбаз досының киімін өз қолымен тапсыруды мақсат еткен.
Бейбіт күнде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген қаршадай өрімдей жастардың мезгілсіз қазасы бұқара жұрттың арқасына батып, әлеуметтік желіде үлкен резонанс тудырды. Қазіргі уақытта қайғылы жағдайға қатысты ресми тергеу амалдары жүргізіліп, арнайы құрылған комиссия оқиғаның мән-жайын анықтауда. 