Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Air Astana Астана-Дубай-Астана бағыттары бойынша тұрақты рейстерін қалпына келтіреді

10:36, 16 қыркүйек 2026

Air Astana Дубаймен әуе қатынасын қалпына келтіреді, деп хабарлайды Alash.kz.

«Air Astana 2026 жылғы 1 қазаннан бастап Алматы-Дубай-Алматы және 2026 жылғы 2 қазаннан бастап Астана-Дубай-Астана бағыттары бойынша тұрақты рейстерін қалпына келтіруді жоспарлап отыр»,- делінген хабарламада.

Қазан айында ұшу жиілігі біртіндеп ұлғаяды:

Алматы-Дубай-Алматы бағытында 4 рейстен бастап айдың соңына дейін аптасына 12 рейске дейін.

Астана-Дубай-Астана бағытында 3 рейстен бастап айдың соңына дейін аптасына 10 рейске дейін.

Әуекомпания Таяу Шығыстағы жағдайды бақылауда және қажет болғанда ұшу кестесін түзетуі мүмкін, сондай-ақ өзгерістер туралы жолаушыларды хабардар етеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар