Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Айқынның арқасында… Біздің қолымыздан келетіні - сол»: Жұлдыз Өмірғали Айқынның экс-жұбайы туралы айтты (ВИДЕО)

19:36, 19 маусым 2026

Белгілі әнші Жұлдыз Өмірғали жұбайы Айқын Төлепберген пен оның бұрынғы жары туралы айтты, деп жазады Alash.kz.

Мамский әңгіме подкасында қонақта болған әнші Айқынның бірінші некедегі балаларымен қарым-қатынасы жайында ашық мәлімдеме жасады.

Менің ойымша, барлығы Айқынның арқасында. Оның «барлық істеген ісіме толығымен жауап беремін» деген қағидасы бар. «Ер-азаматтық сөзімде тұрамын. Ешкімді кемсітпеймін. Барлығы теңдей өмір сүреді. Бірақ, осылай болып қалды. Жақсы көріп қалдым» деп, шынайы ойын жеткізді. Бұл жерде үлкен еңбек жатыр. Төзімділік. Сабырлылық. Үш жақтан да түсіністікпен қарағанымыз бар. Мен, Айқын және Әсел үшеуміз балаларға психологиялық травма болмасын дедік. Әкесінің үйіне бара алмай қалып, әкесі балаларын көре алмай қалып жатпасын. Бір-бірімен араласа алмай жүрген бауырлар қаншама, мысалы? Біз үшеуміз балалардың жағдайын ойлап, бауырлардың балалық шағын бірге өткенін қаладық. Біздің қолымыздан келетіні сол. Ертең, есейген соң біздің оқиғамызды біліп-танып, одан әрі өмірлері өздері қалағандарынша болады. Әсел - өте ақылды, дана. Қазіргі таңда жазушы, кітап шығарды. Әлі де кітаптарын жазып, қуантады оқырмандарын. Өзінің кәсібін тапты. Балаларының жан-жақты дамуына күш-қуатын жұмсайды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар