Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Айнұр Тұрсынбаеваны сыбайлас етіп қойды: Адвокат Әнару туралы сұмдық деректер айтты (ФОТО)

10:22, 15 сәуір 2025 1130
 

Адвокат Ләззат Ахатова әлеуметтік желіде Әнару Құрманәлі туралы тың дерек айтты, деп хабарлайды ALASH.KZ.

“Әнару Құрманәлінің ісіне қатысты бір ақпарат шығыпты. Оны мен көрген жоқпын, жаңа жәбірленуші жіберіпті. Майда-шүйдемен елдің миын ашытпайын деп, ол іс туралы ештеңе жазбай жүргем. Әнару Құрманәлімен арадағы переписканың скриндерін жариялауға мәжбүр боп отырмын, ақырында. 

Ең басты айтарым — зорлық орын алған! Тұраровтың қолдаушылары барлық органда болғандықтан, біраз жылдан бері есірткіге тәуелді екенін отбасы да, араласатын адамдар да білетіні анық. Бірақ біздің елде барлық адамға қатысты ондай қылмыстар ашыла бермейтінін білесіздер. “Дикий Арманның” командасында болған спортшының көкелері оған қатысты қылмыстың ашылмауына мүдделі. Оған көзіміз әбден жетті. 

Ал жәбірленушіге келсек..Жақсылықты бағалай алмайтын, өзіне керек кезде ғана жақсы сөйлеп, өз қателігін өлсе түсінбейтін, тек өзгелерді кінәлауға, каприздері орындалмаса, манипуляция жасауға бейім эгоист екен, қазіргі жастар..Соны ұқтым. Бірақ мен Алладан басқа ешкімнен қорықпаймын. 

Қыздарыммен жасты қыз ғой деп, ана ретінде тағдыры үшін жаным ауырып, шын ниетіммен қолдағаным, қорғағаным — бәріңізге аян. Ешкімнің алдында ақталмаймын. Жемқорлық, тамыр-таныс жайлаған жүйені жалғыз өзім жеңе алмаймын. Айтуын айтамыз, жазамыз. Алайда сыбайластықты жеңу мүмкін емес екен, біздің елде..”, — деп жаздыЛәззат Ахатова.

“Жеке әңгімелерді жариялайын деген ниетім жоқ еді. Ертең сайттар іліп әкетсе, бізге тілеулес ел түсінбей қалмасын, Сіздерден ештеңе жасырмауды жөн көрдім. Соңғы кездері істегі қиындықтардан бөлек, басқа нәрселерден, жәбірленушінің әрекеттерінен де, әкесінің әрекеттерінен де морально шаршадым..Былтырғы тамыздан бері осы іске қатысты не өтпеді басымнан?..Біреудің отбасылық проблемаларына, қарым-қатынастарындағы күрделі жағдайлар мен өкпе-налаларына еріксіз куә боп, араласуға да мәжбүр болыппын. Адвокат қана емес, психолог, няня да боп кеттіппін. Олай жасауға міндетті болмасам да. 

Сонда да мамандығыма адал болдым. Қысқарған істі жанымды салып, бұздыртып, тергеуге бүкіл талабымызды орындаттық. Әкесі шаршап, келісім шарттың барлығын бұзып, тоқтатам деді. Клиент бас тартса, біз ары қарай істі жүргізе алмаймыз. Жеңуге негіз болатын бүкіл құжатын дайындап бердім, шайнап бергенді жұта алатын шығар, енді..”, — дейдіол.

Ләззат Ахатованың айтуынша, Әнару Құрманәлі өзіне психологиялық көмек көрсеткен Айнұр Тұрсынбаеваны соңында Жанқош Тұраровтың әйелінің сыбайласы етіп шығарған.

“Психологқа да жібердік. Айнұр (Тұрсынбаева) жаны ауырып, Қалдыбек ағамыздың перзенті ғой деп, мықты психолог маманның 10 сеансына (бір курс) өз қалтасынан ақша шығарып, төлеп те берді. Оны (Айнұрды) ақырында Тұраровтың әйелінің сыбайласы етіп шығарды. Басқа басқа, Айнұрдың адамгершілігіне риза болып, басымды иіп едім. Ақырында қатты ұялып қалдым”, — дейді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар